• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Маусым, 2021

500-ге жуық қостанайлық кәсіпкер «Ashyq» жобасына қосылған

170 рет
көрсетілді

«Ashyq» жобасы Қостанай облысының барлық аудандарында ағымдағы жылдың 26 сәуірінен бастап жұмыс істеуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазіргі таңда Қостанай облысында «Ashyq» жобасына қосылған 481 нысанның 419-ы жоба қатысушылары болса, 62-сі тестілік режимде жұмыс істеп жатыр.

Өңірдегі шектеу талаптарының орындалуын бақылайтын мониторингтік топтар 268 нысанды («Ashyq» жобасына қатысушылар) тексеріспен қамти отырып, 127 рейд өткізді.

Аталмыш топтардың жұмысы барысында карантиндік талаптарды бұзған 4 нысан анықталды, 3 жеке тұлға («Ashyq» қатысушылары), 1 кәсіпкерлік субъектісі (жеке кәсіпкер) жауапкершілікке тартылды. Салынған айыппұлдың жалпы сомасы 466 720 теңгені құрайды.

26 сәуірден бүгінге дейін Қостанай облысында «Ashyq» жобасының көмегімен «қызыл» мәртебесі бар 8 тұлға және «сары» мәртебесі бар 6 тұлға анықталды. 3 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға жалпы сомасы 131 265 теңгені құрайтын айыппұл салынды.